20 миллион теңгеге контрабандалық темекі өнімдерін Көкшетау қаласының дүкендерінде сатпақ болған

20 миллион теңгеге контрабандалық темекі өнімдерін Көкшетау қаласының дүкендерінде сатпақ болған

ҚМА Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментімен заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары аясында «Газель» маркалы автокөлікті тексеру барысында акциздік таңбалары жоқ 34 500 дана темекі өнімдері табылып, тәркіленді.

Анықталғандай, темекі өнімдері жоғарыда аталған көлікке Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әмір» әмбебап базарының аумағында тиеліп, Көкшетау қаласына жөнелтілген. Жедел іздестіру кезінде сол маркадағы темекілер табылды.

Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараты бойынша 34 500 дана темекінің құны 20 355 000 теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі