«Е-сараптама» сервисі бұл сот сараптамасы органдарының мүдделі мемлекеттік органдармен деректер алмасу бойынша ақпараттық өзара іс-қимылы
Сот-сараптама қызметін автоматтандыру мақсатында, Әділет министрлігі «Зерде «Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-мен бірлесіп, АТ-нарығын тарта отырып, СДТБТ ақпараттық жүйесімен интеграцияланған «E-saraptama» (Е-сараптама) ақпараттық жүйесі әзірледі.
Онда қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлері «СДТБТ» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – СДТБТ АЖ) сот сараптамаларын тағайындау үшін қаулылар мен ұйғарымдарды жібере алады, одан кейін сот сараптамаларының нәтижелерін қалыптастыру үшін оларды одан әрі қабылдау және өңдеу «Сот сараптамалары орталығы» РМҚК филиалында электрондық форматта жүргізіледі.
Бұдан басқа, онда жүргізілген сараптамалар туралы сот сарапшыларының қорытындылары сақталады, СДТБТ АЖ-ға сараптама тағайындалған сәттен бастап процесс қадағаланады.
Қазіргі уақытта «Е-сараптама» ақпараттық жүйесі Нұр-Сұлтан қаласында да, бүкіл елде де жұмыс істейді.