Жыл басынан Алматыдан декларацияланбаған жарты миллионнан астам долларды алып кетпек болғандардың жолы кесілді

Жыл басынан Алматыдан декларацияланбаған жарты миллионнан астам долларды алып кетпек болғандардың жолы кесілді

       Қаржылық мониторинг агенттігі тұрақты негізде декларацияланбаған қолма-қол шетел валютасын шетелге заңсыз әкетуге қарсы күрес жұмыстарын жүргізеді.

       Ағымдағы жылдың басынан бері Алматы халықаралық әуежайында жалпы сомасы 550 мың АҚШ доллары мен 26 910 еуродан астам қаражатты жария етпеу бойынша 2 қылмыстық құқық бұзушылық және 20 әкімшілік факті анықталды.

       Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

       Шетелдік валютадағы қолма-қол ақша және ақша құралдары 10 000 АҚШ доллары баламасынан аспауы керек.

       Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ сот шешімімен көрсетілген ақша мен тауарлар мемлекет пайдасына тәркіленуі мүмкін.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі