Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті 54 850 АҚШ доллары көлемінде жалған ақша ұстаған және сатқан бір топ адамға қатысты қылмыстық істі аяқтады

Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті 54 850 АҚШ доллары көлемінде жалған ақша ұстаған және сатқан бір топ адамға қатысты қылмыстық істі аяқтады

Жасанды банкноттар елорданың валюта айырбастау пункттері арқылы, банкоматтар арқылы жеке шоттарды толтыру, сондай-ақ OLIMPBET букмекерлік кеңсесіндегі жеке шоттарға салу арқылы айналымқа тартылды.

Сот үкімімен азаматтар А.А.Жомарт, И.Х.Чекиев, Р.А.Иманбаев, Төлеутай Б.Е. шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды абай болуға және бейтаныс адамдардан шетел валютасын сатып алмауға шақырады!

Жалған ақша белгілері анықталған жағдайда дереу сенім телефонына хабарлаңыз.

Жасанды банкноттарды анықтау қылмыс болып табылмайды, алайда, жалған ақша белгілерін сату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

 

ҚР ҚМА баспасөз қызметі