Тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі Жамбыл облысында анықталды

Тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі Жамбыл облысында анықталды

Қаржылық мониторинг агенттігі адал бизнесті контрафактілік өнімдерден, жалған ақша жасаудан және танымал брендтерді заңсыз пайдаланудан қорғау бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.

Тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінде қылмыстық іс тергелуде.

Қырғызстаннан Қазақстанға бет алған Volvo автокөлігін шекаралық бақылау бекетінде тексеру кезінде «Рuma», «Adidas», «Philipp Plein», «Reebok», «Nike», «Jordan», «New Balance», «Fila», «Balenciaga» сияқты әртүрлі маркадағы 1000-нан астам спорттық киімдер табылды.

Тауардың жоғарыда аталған брендтерге қатыстылығын анықтау және залалды бағалау үшін «Рuma» корпорациясының өкілі «IP Choice» заң компаниясы» ЖШС тартылды.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, анықталған тауарға келтірілген шығынның жалпы сомасы 10 миллион теңгеден асады. Аталған басқа брендтердің өкілдерінен бүгінгі күнге дейін ешқандай шағым түскен жоқ. Агенттік басқа көрсетілген брендтерге келтірілген залалды анықтаумен айналысуда.

Қазіргі таңда қылмыстық іс аясында бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды.

ҚР ҚМА баспасөз қызметі