Елордада 2 мың азаматты алдаған азаматшалар қаржы пирамидасын ұйымдастырды

Елордада 2 мың азаматты алдаған азаматшалар қаржы пирамидасын ұйымдастырды

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚМА департаменті азаматшалар Р.Ж.Ахымбекова және Қ.Ж. Елеукеноваға қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады.

Айыпталушылар құрылған маркетингтік жоспар бойынша салынған қаражатты еселеп көбейтуге уәде беріп, қаражат алуға 2000-ға жуық салымшыны тартатын «Астана Раушан касса айналымы» деп аталатын «WhatsApp» және «Telegram» чаттарын құрған.

Қаржы пирамидасының жұмыс істеу қағидасы қатысушылардың кіріс алу үшін жаңа тұлғаларды тарту қажеттілігі болып табылады, соңғылары өз кезегінде жаңа қатысушыларды тартуы керек.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты қаржы пирамидасының құрушы мен басшысын нақты мерзімге – әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сондай-ақ сот олардың екеуін де 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестиция тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырды.

198 жәбірленушінің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды аса сақ болуға және қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың айла-амалына түспеуге тағы да шақырады. Қаржы пирамидаларының басты мақсаты тәуелсіз және күш-жігерсіз өз капиталын тез ұлғайтуды ұсынып, сенгіш азаматтардың есебінен ақша табу екенін білу маңызды.

 

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі