Қытайдан келетін экономикалық контрабандаға қарсы-іс қимыл

Қытайдан келетін экономикалық контрабандаға қарсы-іс  қимыл

Мемлекет басшысының кедендік шекарада кешенді тексеру жүргізу және тәртіпті қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласы бойынша ҚМА аумақтық департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп ҚХР халық тұтынатын тауарлардың аса ірі көлемде экономикалық контрабанда фактісін анықтады..

ҚР ҚК-нің 234-бабы 2-бөлігінің 1,4,5-тармақтарында көзделген экономикалық контрабанда фактісі бойынша «Group of the Companies TDA» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді.

Кәсіпорынның барлық операциялық жұмыстарын осы ЖШС директоры жүргізді. Қытайдан Еуразиялық кеден одағының кедендік аумағына заңсыз тасымалданған тауарлардың жалпы құны 585 617 144 теңгені құрады.

Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша бюджетке төленетін сома – 125 244 847 теңге.

Ағымдағы жылдың 31 наурызында Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты ЖШС директорына қатысты 2 ай мерзімге «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық іс ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі