Атырау облысында мұнайгаз саласындағы монополистік ұйымның жолы кесілді

Атырау облысында мұнайгаз саласындағы монополистік ұйымның жолы кесілді

Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС (бұдан әрі-СМГСП ЖШС) басшылығына қатысты ҚР ҚК 221-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

2017-2021ж.ж  кезеңінде «СМГСП» басшылығы сұйытылған мұнай газын қайталама көтерме саудада өткізу нарығындағы үстем жағдайды пайдалана  отырып, сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау және құю қызметтеріне монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, бекіткені анықталды.

«СМГСП» ЖШС заңсыз тапқан сомасы 2 081 659 968 теңгені құрап, ол толық көлемде қайтарылды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес озге де деректер жариялауға жатпайды.