Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз ойын орындарының қызметін тоқтатуда, олардың ішінде жасырын казинолар да бар.

Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз ойын орындарының қызметін тоқтатуда, олардың ішінде жасырын казинолар да бар.

2021 жылы Қаржылық мониторинг агенттігімен 267 заңсыз ойын орындарының қызметтері тоқтатылды, олардың ішінде жасырын казинолар да бар.

Заңсыз айналымнан 5 мыңға жуық ойын автоматтары, терминалдар, покер үстелдері мен компьютерлер тәркіленді.

Заңсыз ойын бизнесіндегі жаңа трендтерге қарсы тұру бойынша шараларды тұрақты талдау және жаңарту нәтижесінде ҚМА Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қатысуымен 4 мыңға жуық онлайн ойын сайттарын бұғаттады.

Агенттік әрқашанда заңсыз ойын орындарын мен заңсыз ойын сайттарын анықтап жоюда.

Егерде Сіздің үйіңізде, ауданыңызда заңсыз ойын мекемелері болуы мүмкін деген ақпаратыңыз болса, кейіннен тексеру және бұзушыларға жауапкершілік шараларын қолдану үшін 8 (7172) 70-84-78 сенім телефоны арқылы ҚМА-не хабарласуыңызды сұраймыз.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі