Адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесін дамыту

 Адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесін дамыту

«2018 жығы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің өкілдері Әділет министрлігі Дүниежүзілік Банктің қолдауымен сот төрелігі секторын институтционалдық нығайту жобасы шеңберінде «Адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесін дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, мүдделі мемлекеттік органдардың, халықаралық және ұлттық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында Miller Canfield және GLCC Solutions LLC компанияларының консультанттарының мемлекет кепілдік берген заң көмегі саласында ОЭСР елдерінің тәжірибесін зерделеу нәтижесі бойынша берген ұсынымдары талқыланды.

Іс-шараның аяқталу барысында қатысушылар тегін заң көмегі жүйесін жетілдіру, атап айтқанда, бастапқы және қайталама заң көмегін көрсету бойынша қызмет жүйесін енгізу, онлайндық және телефон арқылы консультациялық қызметті адвокаттар алқасының жанынан мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету бойынша әкімшілік бөлімшені ұйымдастыру және басқаны дамыту бойынша ұсынымдар дайындады.»