«2018 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің өкілдері Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Дүниежүзілік Банктің қолдауымен сот төрелігі секторын институтционалдық нығайту жобасы шеңберінде «Нотариат институтын дамыту перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге Парламент Мәжілісінің депутаттары, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, мемлекеттік органдардың, нотариат қауымдастығының, халықаралық және ұлттық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - Miller Canfield және GLCC Solutions LLC компанияларының консультанттарының нотариат институтын дамыту саласындағы ОЭСР елдерінің тәжірибесін зерделеу нәтижесі бойынша берген ұсынымдарын талқылау.
Іс-шара барысында республиканың барлық аумағында нотариаттың бірыңғай ұйымдық-құқықтық нысандарын енгізу, нотариустардың өкілеттігін кеңейтіп, оларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу функцияларын беру, сондай-ақ, «Е-нотариат» ақпараттық жүйесін цифрлық технологияны қолдану арқылы жетілдіру мәселелері талқыланды.
Жалпы алғанда қатысушылар нотариатты жетілдіру мәселелерінің маңыздылығын атап өтті, өйткені бұл сала азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
Кездесудің қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар дайындалды».