Қостанайда қаржы пирамидасы анықталды

Қостанайда қаржы пирамидасы анықталды

Қостанай облысы бойынша Қаржылық мониторингі агенттігінің аумақтық департаментімен 2021 жыл кезеңінде облыс аумағында қаржы пирамидасын құрған "GАР" өндірістік кооперативінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс тіркелді.

Кооператив 30 000 теңгеден 480 000 теңгеге дейінгі сомаға жеке тұлғалардың ақшасын тартудан кіріс алу жөніндегі қызметті ұйымдастырған. Алынған қаражат кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмай, активтерді қайта бөлу арқылы кейбір қатысушылар басқалардың жарналар есебінен байыған.

Тінту жүргізу барысында қызметкерлер өндірістік кооперативтің қызметі туралы жарнамалық брошюраларды, салымшылардың тізімін, кооператив пен салымшылар арасында жасалған электрондық форматтағы шарттар алынды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Қалған деректер Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының тәртібімен жария етілмейді. 

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі