Шымкентте заңсыз майнинг фермасы аңықталды

Шымкентте заңсыз майнинг фермасы аңықталды

Шымкент қаласы бойынша ҚМА Департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы майнинг қызметімен айналысатын тұлғаларды анықтады.

Тінту кезінде цифрлық криптовалюта «Биткоин»ді өндірумен айналысатын ASIC майнингінің 360 бірлігі табылып, тәркіленді. «Майнинг фермалары» 3 контейнерге   орнатылған.

Тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

Өзге мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік Кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

 

                                                                                                                           ҚР ҚМА баспасөз қызметі