Кеден бекетінің мамандары кальянға табакты заңсыз әкелуге ықпал еткені үшін сотталды

Кеден бекетінің мамандары кальянға табакты заңсыз әкелуге ықпал еткені үшін сотталды

        Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментімен шекарада Өзбекстан Республикасынан кальянға арналған табакты заңсыз әкелу фактісінің жолын кесті, сот үкімі бойынша оның кінәлілері – "Қапланбек" кеден бекетінің 5 маманы әртүрлі мерзімге сотталды.

         Өзбекстан Республикасынан Қазақстан аумағына жалпы салмағы 23 985 кг жалпы сомасы 59 596 729 теңгеге "SERBETLI" кальянына табакты заңсыз әкелуге лауазымды тұлғалар өздерінің қызметтік маңсабын аса пайдалана отырып ықпал етті.

          Түркістан қаласы сотының үкімімен "Қапланбек" кеден бекетінің мамандары Қ. Мұздыбаев, Б.Нұрбаев, М. Күміс, Б. Әлиев 3 жыл 6 айға, Н. Исаев 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

ҚР ҚМА баспасөз қызметі