Алматы облысында кооператив ретінде қаржы пирамидасы аңықталды

Алматы облысында кооператив ретінде қаржы пирамидасы аңықталды

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті "Елімай-2019" ТК қаржы пирамидасын құру және басшылық ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Ұйымдастырушылар азаматтардың қаражатын тұрғын үй кооперативі ретінде тартты. Қазіргі уақытта 90-нан астам зардап шеккен адам жүгінді. Тергеу зардап шеккендердің саны бұдан да көп деп санайды, осыған байланысты Агенттіктің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті зардап шеккен азаматтарды Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі 11А мекен-жайына немесе +7 (727) 251-71-06 сенім телефоны арқылы хабарласуды сұрайды.

"Елімай-2019" кооперативінің басшысы Ербол Қизбаев пен оның жұбайы Жазира Өмірбаеваға мемлекетаралық іздеу жарияланды.

Олардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса Департаменттің 8 (727) 251-71-06 телефон нөмірі бойынша немесе ұялы байланыс телефоны бойынша іздестіру бөліміне хабарлауды сұраймыз: +7-701-228-02-15.

Құрметті азаматтар! ҚР Қаржы мониторингі агенттігі сақ болуды және қысқа мерзімде «жоғары табысқа» жетуге уәде беретін күдікті жобаларға ақша қаражатын салудан бас тартуға шақырады.

 

 

ҚР ҚМА баспасөз қызметі