Нұр-Сұлтан және Алматыдағы арнайы операция: жақын шетелден келетін есірткі тасымалының жолы кесілді

Нұр-Сұлтан және Алматыдағы арнайы операция: жақын шетелден келетін есірткі тасымалының жолы кесілді

Нұр-Сұлтан және Алматыда Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, арнайы операция жүргізді. Операция нәтижесінде есірткі заттарының контрабандалық жеткізумен және оларды Қазақстан аумағына өткізумен айналысқан тұлғалар тобы қызметінің жолы кесілді.

Есірткі заттары халықаралық арналар арқылы жақын шет елдерден халық тұтынатын әртүрлі тауарлар түрінде жеткізілді.

Шағын мөлшерде өлшеп оралған есірткі заттары Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының саябақтарының, мектептерінің, ауруханаларының, мектепке дейінгі мекемелердің аумағында «жер астына салынған зат» түрінде таратылды.

Сату анонимді Telegram-каналдар арқылы жүргізілді, төлем Qiwi-кошелек электронды төлемдер арқылы қабылданды.

Негізгі сатып алушылар Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары болды.

Есірткі сатушылар үй жануарларына арналған азық түрінде оралған кезекті халықаралық тауарды алу кезінде ұсталды.

Ұсталғандардың тұратын жерлерін тінту кезінде синтетикалық есірткі заты - мефедрон, марихуана, буып-түю материалдары, таразы табылды.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 7 килограмнан астам марихуана мен мефедронды құрады.

ҚР ҚК 286-бабының 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Есірткі сақтағаны және сатқаны үшін бес қылмыскер ұсталды.

Ұсталғандар тергеу изоляторына 2 ай мерзімге қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram