Елордада қаржы пирамидасының белгілері бар «Best Road Investment» компаниясы анықталды

Елордада қаржы пирамидасының белгілері бар «Best Road Investment» компаниясы анықталды



Қаржы пирамидалары жаңа салымшыларды тарту үшін көбінесе өздерін жоғары инвестициялар саласындағы табысты ұйымдар ретінде көрсетеді.

Мұндай компаниялар заңды микроқаржы ұйымдары, тұтыну кооперативтері, ноу-хау жобалары, зергерлік бұйымдар және басқа компаниялар ретінде жасырылады.

Агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында салымшылардың қаражатын тартатын және кемінде үш жаңа салымшы тартылған кезде салым сомасының 100%-ын қайтаруға уәде беретін «Best Road Investment» ЖШС қызмет ететіндігі анықталды.

Қазіргі уақытта зардап шеккен адамдар мен келтірілген залалдың сомасы анықталуда.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.

Құрметті азаматтар! Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз «Best Road Investment» ЖШС салымшылары болсаңыз, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ЭТД сенім телефонына +7 7172 31 61 45 хабарласуыңызды сұраймыз.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram