
Қазақстанда «Ойын бизнесі туралы» заңда белгіленген орындардан тыс құмар ойындарды ұйымдастыруға тыйым салынады және ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде облыс аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған А. Левской азаматын ұстады.
А. Левской 2021 жылдың ақпан-шілде айлары аралығында Қарағанды қаласының түрлі аудандарында үй-жайларды жалға алып, заңсыз «Покер» құмар ойындарын өткізген.
Сонымен қатар, ол кейіннен ойыншылар мен «крупье-дилерлерді» тарта отырып, «курьер-дилер» рөлін атқарды.
А. Левской 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.
Барлық тәркіленген заттай дәлелдемелер жою үшін берілді.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Facebook | Instagram | Telegram