Құмар ойындарды заңсыз ұйымдастыру қылмыстық заңнаманы бұзумен ғана емес, сонымен қатар патологиялық тәуелділікті тудырып, адамдардың денсаулығына зиян келтіреді.
«Ойын бизнесі туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында электрондық казино мен интернет-казино қызметін жүзеге асыруға тыйым салынады.
Сонымен қатар, мұндай заңсыз ойындарды өткізу деректері де орын алуда.
Агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері қала аумағындағы электрондық казиноны ұйымдастырушыға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Тергеу барысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін бұрын сотталған 1993 жылы туған азамат В. Зайцев заңсыз түрде «X.O. CLUB» (электрондық казино) атты ойын мекемесін ашып, 25 млн. теңгеден астам кіріс алғаны анықталды,
Үй-жайды тексеру кезінде департамент қызметкерлері тыйым салынған бизнес түрін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін қосымшаларымен бірге 46 бірлік компьютерлік техниканы, атап айтқанда ставкаларды қабылдау, ұтыстарды есептеу және беру функцияларын қолдайтын онлайн құмар ойындарын тәркіледі.
В.Зайцев 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі