Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті ауыл шаруашылығы саласындағы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Азамат Н.Тілеубаев С. Сүлейменовпен және А. Шәмшадиновпен алдын ала сөз байласып, Қостанай облысы Арқалық өңірінің 70-тен астам шаруа қожалықтарының басшыларына бидай мен арпаны сатқаны үшін алынған ақшалай қаражатты жымқыру схемасын жасаған.
Н. Тілеубаев және директор А. Шәмшадинов «Зерновой Пул Казахстана-К» ЖШС атынан Арқалық өңірінің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен жалпы сомасы 1,3 миллиард теңгеге 21 мың тоннадан астам бидай мен арпа сатып алуға кейінге қалдыру шартымен үлгілік шарттар жасасты.
Н.Тілеубаев астықты иеленіп, «Зерновой Пул Казахстана-К» ЖШС-нің төлем қабілетсіздігінің жалған жағдайларын жасады.
Содан кейін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ақша қаражатын заңдастырды, оларды «GrainExport-NS» ЖШС кәсіпорнының айналым капиталына енгізді.
Алаяқтық әрекеттері үшін Н.Тілеубаев 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды, С.Сүлейменов және А. Шәмшадинов – 5 жылға сотталды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Facebook | Instagram | Telegram