Семейде темекі өнімін заңсыз сату фактісінің жолы кесілді

Семейде темекі өнімін заңсыз сату фактісінің жолы кесілді

Темекі өнімдерінің заңсыз нарығы ұлттық деңгейде қауіп төндіреді. Бұл сапасыз тауарлар немесе салық төлемеу ғана емес, сонымен бірге қоғам мен мемлекетке айтарлықтай қатер төндіреді.

Біріншіден, бұл қылмыс деңгейінің өсуі және криминогендік жағдайдың нашарлауы.

Екіншіден, контрафактілік темекі қоғамдық денсаулыққа, әсіресе жас ұрпаққа тікелей қауіп төндіреді.

Үшіншіден, әлемде жыл сайын шамамен 400 миллиард заңсыз темекі сатылады. Темекі өнімінің заңсыз нарығының әлемдік ауқымы көлеңкелі сектордың дамуына ықпал етіп қана қоймай, тұтастай алғанда экономиканы күйретеді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Семей қаласында темекі өнімін заңсыз өткізуді анықтады.

Іс фигуранттарына тиесілі сауда орындарында, қоймаларда, автомашиналарда жүргізілген тінту нәтижесінде түрлі атаудағы акциздік маркаларсыз 116 мыңнан астам темекі алып қойылды.

Жүргізілген сараптамаға сәйкес темекі өнімінің құны 54 миллион теңгеге бағаланады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.