Ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары мен ұйымдастырушылары күмәнді шыққан дәрілік препараттардың 60 000-нан астам қаптамасын дайындағаны үшін сотталды

Ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары мен ұйымдастырушылары күмәнді шыққан дәрілік препараттардың 60 000-нан астам қаптамасын дайындағаны үшін сотталды

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған дәрілік препараттарды дайындау бойынша ірі астыртын цехті ұйымдастырған ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 мүшесіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Жедел іс-шаралар нәтижелері бойынша,  барлығы 60 000 астам қапталған  Ротоцеф», «Солкасерил», «Кальций Д3 никомед», «Цераксон» және т. б. сауда атауларымен шыққан күмәнді дәрілік препараттары тәркіленген болатын.

Covid-19 пандемиясы кезеңінде болған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы қаласы бойынша департамент қызметкерлері дәрілік препараттарға арналған қорапшаларды дайындайтын баспахана және заңсыз өнімдерді сақтауға арналған қойма, сондай-ақ одан әрі тексеру кезінде Алматы облысының Іргелі кентінде астыртын цехтің қызметі анықталды.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген дәрілік препараттардың жалпы құны 250 млн.теңгеден асады.

Сот үкімімен үш айыпталушы ҚР ҚК 262-бабы 1-бөлігі (ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу); ҚР ҚК 323-бабы 3-бөлігі (жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеу) бойынша кінәлі деп танылды оларға 5,6 жылдан 7,6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram