Павлодар облысындағы ақпараттық технологиялар колледжінің бухгалтері бюджеттен 26 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды

Павлодар облысындағы ақпараттық технологиялар колледжінің бухгалтері бюджеттен 26 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды

Бюджет қаражатын жымқыру елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіптердің қатарына жатады.

Әлеуметтік жәрдемақылар мен еңбек ақыларын төлеуге немесе балалар мекемелеріне азық-түлік сатып алуға арналған қаражат маңызды экономикалық және әлеуметтік мәнге ие.

Сондай-ақ, бюджет қаражаты түпкілікті мақсатына жетпейтін де деректер бар.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Павлодар қ. «Ақпараттық технологиялар колледжі» ШЖҚ КМК-да ақша қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады.

Колледждің бас бухгалтері Ю.Безпалая өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, 2015-2020 жылдар аралығында бюджет қаражатын заңсыз иелену бойынша қылмыстық схеманы ұйымдастырған.

Ол колледжге жалған жұмысқа орналасу үшін таныстары мен туыстарын тартып, содан кейін олардың атына заңсыз жалақы аударып, сол қаражатты иеленіп отырған.

Ю.Безпалая 7 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына тартылды, сонымен қатар ол бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айырылды.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram