Қаржылық мониторинг агенттігі 2020 жылдың басынан бастап «Стоп-обнал» жедел-алдын алу шарасы аясында жалған шот-фактураларды жазып беру және ақша қаражатын криминалдық қолма-қол ақшаға айналдыру бойынша қызмет көрсететін 105 әлеуетті топты анықтады.
Бүгінгі таңда топ мүшелеріне қатысты 490 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды, оның ішінде 28 іс ұйымдасқан қылмыстық топ құру дерегі бойынша қозғалды.
Осылайша, Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті Я.Москвина, К.Даирбаев және Ф.Романов тұлғасындағы ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті. Олар жалған фирмалардың атынан мәміленің жалпы сомасының 2-ден 6%-на дейінгі мөлшерде сыйақы алу үшін жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып берумен айналысқан.
Мемлекетке келтірілген материалдық залалдың жалпы сомасы 900 млн. теңгеден асады.
Қылмыстық топ мүшелері 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Facebook | Instagram | Telegram