Түркістан облысында WhatsApp-тың 3 чат арқылы ұйымдастырылған қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Түркістан облысында WhatsApp-тың 3 чат арқылы ұйымдастырылған қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар алаяқтық схемаларды әртүрлі жолдармен жасырады. Бұл зергерлік бұйымдарды, туристік жолдамаларды, бағалы қағаздарды сатып алу/сату қызметтері, сондай-ақ криптовалюталар мен биткоиндерді сатудың жаңа тәсілдері болуы мүмкін.

Сонымен қатар, қаржы пирамидаларын үйден шықпай мессенджерлердегі чаттар және хабарлама жіберу арқылы құру деректері де бар.

Мәселен, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментіне 25 адам қаржы пирамидасына шағымданған.

Тексеру барысында Түркістан қаласының тұрғыны «WhatsApp» мессенджерінде «Асыл Инвест», «Оборот 30%» и «30% за 3 дня» чаттарын құрып, хабарлама тарату арқылы азаматтардың қаражатын қаржы пирамидасына тартқаны анықталды.

Салымшыларға салым сомасының 30% мөлшерінде пайда алуға кепілдік берілді. Ақша қаржы пирамидасын ұйымдастырушысының банктік шоттарына «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы аударылды

Қазіргі уақытта шағым берген тұлғаларға келтірілген шығын сомасы 24 миллион теңгеден асады.

Агенттік азаматтарды қысқа уақыт ішінде үлкен пайда әкелетін күмәнді жобаларға қатысудан аулақ болуға шақырады.

Егер Сіз қаржы пирамидасына тап болсаңыз немесе ұқсас пирамидаға Сіздің таныстарыңыз немесе жақындарыңыз тартылған болса, Агенттікке немесе аумақтық қаржылық мониторинг органдарын хабарласуды сұраймыз.

ҚМА сенім телефоны: +7 (7172) 708-478.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram