Қаржылық мониторинг агенттігі контрафактілік кір жуу ұнтақтарын өндіру цехын жапты

Қаржылық мониторинг агенттігі контрафактілік кір жуу ұнтақтарын өндіру цехын жапты

Контрафактілік тауарларды өндіру және сату - бұл көп миллиардтық айналымды қамтитын жаһандық мәселе. Бұл мемлекетке де, азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне де айтарлықтай зиян келтіреді.

Қауіп сонымен қатар киім мен балалар ойыншықтарынан бастап тамақ пен дәрі- дәрмектерге дейін контрафактілік өнімдердің кең таңдауында жатыр.

Қаржылық мониторинг агенттігі контрафактіні өндіру және өткізу деректерімен күрес жүргізуде.

Агенттіктің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері контрафактілік кір жуу ұнтақтарын дайындайтын астыртын цех қызметінің жолын кесті.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Түркістан қаласының тұрғыны Р. Абдуллаев «Иштихат» тұрғын алабы, Доспанбет жырау көшесі н/ж мекенжайы бойынша цех ұйымдастырғаны, онда заңсыз жолмен "«Ariel», «Тide», «Миф», «Persil» маркалы 2, 3, 6 кг көлемдегі ұнтақтар дайындағаны анықталды.

Ұнтақтарды буып-түюге және өлшеп-орауға арналған 7 жабдық, 500-ден астам ұнтақ қаптамасы, 20 кг-дық 100-ден астам ұнтақ, белгілі маркалардың атаулары бар полиэтилен пакеттер тәркіленіп алынды.

Құқық иесі әThe Procter&Gamble Company» компаниясына зор залал келтірілді.

Р. Абдуллаевқа 5,9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram