Шымкентте қылмыстық топ мемлекетке 1,9 млрд. теңгеге залал келтірді

Шымкентте қылмыстық топ мемлекетке  1,9 млрд. теңгеге залал келтірді


Қылмыстық қолма-қол ақшаға ие болу мақсатында жалған фирмалар көптеген заңсыз схемаларды қолданады.

Сол арқылы жосықсыз компанияларға салық төлеуден жалтаруға көмек көрсетеді.

Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің барлық өңірлерінде қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы күрес жүргізуде.

Мәселен, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаментімен 13 адамнан – А.Құрбанов, И.Рузахунов, Н.Мамырбеков, Д. Смородин, М. Зиемухамедов, А. Маслов, Б.Маматкалыков, П. Джурабаев, И. Кондратьев, А. Ключников, Р.Хинизов, Б. Аблайханов, А. Щебельниковтен құралған тұлғалар тобы қызметінің жолы кесілді.

Тергеу барысында 2019-2020 жылдар аралығында қылмыстық топ қолма-қол ақшаға аударатын 18 фирма атынан жалған шот-фактураларды шығарумен айналысқаны анықталды.

Осы жылдар ішінде бұл фирмалардың заңсыз айналымы 8,3 миллиард теңгені құрады, оның ішінде компаниялардың банктік шоттарынан 3,6 миллиард теңге қолма-қол ақшаға айналдырылды.

Айта кету керек, 18 компанияның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік-техникалық базасы, қызметкерлер штаты және қойма үй-жайлары болмаған.

Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 1,9 миллиард теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

Топ мүшелері әртүрлі мерзімге 2 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram