Қостанай облысында алкоголь өнімін лицензиясыз сату дерегі анықталды

Қостанай облысында алкоголь өнімін лицензиясыз сату дерегі анықталды

Қазақстанда алкоголь өнімдерін сату және сақтау лицензияланатын кәсіпкерлік түріне жатады.

Құрамында спирті бар өнімдерді заңды түрде сату үшін кәсіпкерлер ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 28-бабына сәйкес арнайы лицензия алуы тиіс.

Сонымен қатар, рұқсат беру құжаттарынсыз алкогольді заңсыз сату деректері де орын алуда.

Осылайша, Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері алкоголь өнімін жалған есепке алу-бақылау таңбаларымен және лицензиясыз сату дерегінің жолын кесті.

Бақылаудағы сатып алу барысында тергеу облыс кәсіпорындары бірінің қойма меңгерушісі И.Мащенко белгісіз тұлғадан құрамында спирті бар өнімді сатып алғаны анықтады.

Содан кейін Қостанай қаласының дүкендерінде қайта сатқан.

Барлығы жаллған белгілері бар 52 маркалы алкоголь өнімінің 93 мыңнан астам бөтелкесі тәркіленді.

И.Мащенкоға 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram