Қаржылық мониторинг агенттігі және ЕАТ ФАТФ талаптарын орындау тәжірибесімен алмасу семинарын өткізуде

Қаржылық мониторинг агенттігі және ЕАТ ФАТФ талаптарын орындау тәжірибесімен алмасу семинарын өткізуде

25 қазанда Алматыда халықаралық семинар өтті, онда Ресей, Қытай, Жапония, Швейцария, АҚШ, Беларусь, Австралия, Швеция қаржылық мониторинг бөлімшелерінің өкілдері ФАТФ (Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы) стандарттарының жаңа талаптарына сәйкестігін бағалаудан өту тәжірибесімен бөлісті.

«Виртуалды активтер, соның ішінде криптовалюталар қылмыстық кірістерді жылыстатуда және терроризмді қаржыландыруда жиі қолданылуда. Бұл семинар тәжірибе алмасу арқылы кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл шараларымызды жетілдіруге бағытталған», - деп ЕАТ Атқарушы хатшысы Сергей Тетеруков атап өтті

Блокчейн технологиясының даму қарқыны қаржылық мониторинг органдарынан кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманы жетілдіру бойынша жедел шаралар қабылдауды талап етеді.

«Халықаралық семинарлар терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша жедел ақпарат және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Мысалы, біздің шетелдік әріптестеріміздің тәжірибесі негізінде Агенттік заңнамаға түзетулер топтамасын дайындап, Парламентке жолдады. Бұл түзетулер криптовалютаны пайдалана отырып, КЖ/ТҚ-ға қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіруге бағытталған", - деді Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Ермек Оспанов.

Естеріңізге сала кетейік, Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) — қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында әлемдік стандарттарды әзірлеумен айналысатын, сондай-ақ АЖ/ТҚҚ ұлттық жүйелерінің осы стандарттарға сәйкестігін бағалауды жүзеге асыратын үкіметаралық ұйым.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram