Қаржылық мониторинг агенттігінің Жас мамандар пулына іріктеу аяқталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Жас мамандар пулына іріктеу аяқталды

2021 жылдың 20 қазанында Қаржылық мониторинг агенттігінің Жас мамандар пулына іріктеудің үшінші кезеңі аяқталды.

Әңгімелесу 170-ден астам үміткермен онлайн форматта жүргізілді.

Әңгімелесудің нәтижелері бойынша үздік және құзыреті ең жоғары тұлғалардың қатарына 110 адам кірді.

Олардың ішінде – «Алтын белгі» иегерлері, еліміздің озық ЖОО-ның үздік түлектері, соның ішінде қызыл дипломмен бітіргендер, түрлі спорт түрлері бойынша спорт шеберлер, бірнеше шет тілдерін меңгерген және IQ деңгейі жоғары үміткерлер, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары бар.

Келесі кезеңде үміткерлер құқық қорғау қызметіне дене бітімі және моральдық-психологиялық жай-күйі бойынша жарамдылығына тексеруден өтуі тиіс.

Ол үшін үміткерлерге тұрғылықты жері бойынша Агенттіктің аумақтық департаментінен әскери-дәрігерлік комиссиядан (ӘДК) және полиграфологиялық зерттеуден (жалғандық детекторынан) өтуге жолдама алуы қажет.

ӘДК мен жалғандық детекторынан кейін барлық үміткерлер ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқуға ұсынылатын болады.

Жақын арада Агенттік үміткерлер өз сұрақтарын қоя алатын, тез арада жауаптар алып, Академияға түсу емтихандары бойынша қажетті кеңестер алатын чат құрады. Барлық үміткерлер осы чатқа қосылмақ.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram