25-26 қазанда Алматыда ФАТФ талаптарын орындау бойынша тәжірибемен алмасу семинары өтпек

25-26 қазанда Алматыда ФАТФ талаптарын орындау бойынша тәжірибемен алмасу семинары өтпек

25-26 қазанда Алматыда ФАТФ стандарттарының жаңа талаптарына сәйкестігін бағалаудан өтудің озық тәжірибесімен Ресей, Қытай, Жапония, Швейцария, АҚШ, Беларусия, Австралия, Швеция қаржылық мониторинг бөлімшелерінің өкілдері бөлісетін халықаралық семинар өтеді.

Семинарда виртуалды активтерді пайдалану арқылы қылмыстық схемаларды анықтау әдістері және қадағалау қызметін ұйымдастыру мәселелері талқыланады.

Семинар аясында 25 қазанда сағат 10:30-да Еуразиялық топтың Атқарушы хатшысы Сергей Тетеруков және Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ермек Оспановпен сұхбат ұйымдастырылады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері семинарға аккредитациядан өтуі үшін а.ж. 24 қазанында сағат 23:59-ға дейін сілтеме (https://forms.gle/i4Era9F3c7p2hUBQ6) бойынша тіркеуден өтуі қажет.

25 қазанда сағат 9:30-да аккредиттелген БАҚ өкілдері Алматы қаласы, Досмұхамедов көшесі, 115, Doubletree by Hilton қонақ үйінің конференц-залына шақырылады.

Туындаған барлық сұрақтар бойынша +77019978567 нөмірі бойынша  Абу-Али Әлібекке хабарласқан жөн.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram