Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы ұжымға таныстырылды

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы ұжымға таныстырылды

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Төрағасы Жанат Элиманов астаналық департаменттің ұжымына жаңадан тағайындалған басшы Қайрат Бижановты таныстырды.

Жанат Элиманов Қайрат Бижановтың практикалық тәжірибесінің молдығын, оныңқатардағы аудандық инспектордан бастап облыстық департамент басшысына дейінгіжолдан өткенін атап өтті.

Агенттік Төрағасы жаңа басшыны таныстыра отырып Нұр-Сұлтан қаласыбойынша  аумақтық департаменттің қызметіне баға берді және Нұр-Сұлтан қаласыныңтұрақтандыру қорының шеңберінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әлеуметтік объектілерді салуға, жолдарды жөндеуге бағытталған бюджет қаражатын бақылауды күшейту жөнінде міндет қойды.

«Бұдан басқа ЖЖМ заңсыз айналымы, коммуналдық қызметтерге тариф белгілеумәселелерін қатаң мониторингке алу қажет», - деді Агенттік Төрағасы.  

Нұр-Сұлтан қаласындағы қаржы пирамидалары салымшыларының мәселелері өткiр қойылып отыр. Жанат Элиманов оларды ерте анықтау және жолын кесу бойыншашаралар қабылдауды тапсырды.

Кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау орбитасына негізсіз тартпауға назар аударды.

Агенттік Төрағасы қорытындылай келе ұжымға өнімді жұмыс пен департамент алдына қойылған мақсаттарға жетуді тіледі.