Қаржы мониторингі агенттігі мемлекетке 10 млрд. теңге мөлшерінде залал келтірген бір топ адамды ұстады

Қаржы мониторингі агенттігі мемлекетке 10 млрд. теңге мөлшерінде залал келтірген бір топ адамды ұстады

Қаржы мониторингі агенттігі ақшаны заңсыз жылыстатуға қарсы  белсенді күресті еліміздің барлық аумағында жүргізеді.

Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды заңсыз жазып берумен айналысатын қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.

Тергеу барысында 6 адамнан тұратын топ 2014-2018 жылдар аралығында облыс аумағында заңсыз қызмет атқарған 30 қолма-қол ақша фирмаларын құрғандығы анықталды.

Фирмаларда қызметкерлер штаты да, мүлкі де, жиналмалы үй-жайлары да, өндірістік-техникалық базасы да болмаған  және тіркеу орны бойынша орналаспаған.

Номиналды басшылардың ешқайсысы қаржы-шаруашылық қызметпен айналыспаған. Фирмаларда бухгалтерлік есеп және салық есептілігі жүргізілмеген. Іс жүзінде кәсіпорындар салық төлеуден жалтару мақсатында «Рич Ресурс», «Тұмар ВКО», «Вос-Торг 1» компанияларымен тауарсыз шот-фактураларын, жүкқұжаттарын, шарттарын заңсыз жазып беру үшін пайдаланған.

Мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 10,8 миллиард теңгені құрады.

Сот үкімімен топ мүшелері – Закир Исламов, Максим Александров, Олеся Гаськова, Ербол Уәлиев, Еркен Ануаров, Арман Маданов түрлі жылдарға бас бостандығынан айырылды.