Жанат Элиманов ТМД ҚБББК басшыларының кездесуіне қатысты

Жанат Элиманов ТМД ҚБББК басшыларының кездесуіне қатысты

Сочиде Қаржы қауіпсіздігі бойынша бірінші халықаралық олимпиаданың финалдық кезеңі басталды, оған әр түрлі елден келген 500 оқушы мен студент шықты. Қазақстанның атынан қаржылық сауаттылық бойынша өз білімі мен дағдыларын көрсететін 10 студент қатысады.

Олимпиадаға қатысушылар өз тәжірибесін қолдана отырып қаржылық тергеп-тексеру жүргізуде өз күштерін сынайды.

Қаржы қауіпсіздігі бойынша халықаралық олимпиада Ресей Федерациясының халықаралық спорттық, мәдени, ғылыми және іскерлік бұқаралық іс-шаралар тізбесіне енгізілген және жыл сайын өткізіледі.

Олимпиада жеңімпаздары Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарына түсу кезінде артықшылыққа ие болады.

Халықаралық олимпиада шеңберінде Қаржы барлау бөлімшелері басшылары кеңесінің кездесуі өткізілді, оған ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов, Ресей Федерациясы Президентінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты мәселелері жөніндегі көмекшісі Анатолий Серышев, Қаржы мониторингі Федералдық қызметінің директоры Андрей Чиханчин, ғылым және білім министрінің орынбасары Дмитрий Афанасьев, ғылыми орта өкілдері қатысты.

Әдеттегі дәстүрге қарамастан, кездесу жедел мәселелерге арналмады, оның орнына экономикалық қызметке байланысты тергеп-тексеру жүргізу құралдары көрсетілді.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі