Қаржылық мониторинг агенттігінің ҚР Денсаулық сақтау бұрыңғы министрі Е. Біртановқа қатысты қылмыстық іс бойынша түсіндірмелері

Қаржылық мониторинг агенттігінің ҚР Денсаулық сақтау бұрыңғы министрі Е. Біртановқа қатысты қылмыстық іс бойынша түсіндірмелері

Агенттікке бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановқа қатысты қылмыстық іс бойынша Агенттік түсініктемелерінің болмау себептері туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан сұраулар келіп түсуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайтынын хабарлаймыз.

Мәліметтер ТЕК прокурордың рұқсатымен ғана жария етілуі мүмкін.

Айта кету керек, тергеу деректерін ашуға ЖОЛ БЕРМЕУ туралы талаптар тек тергеу органдарына ғана емес, сонымен бірге қорғау тарапына да қатысты.

Сондықтан, әділдік мақсатында Агенттік қылмыстық істің егжей-тегжейлігі бойынша комментарийлер БЕРІЛМЕЙДІ.

Конституцияның 77-бабының 3-бөлігіне сәйкес іс фигуранттарының кінәлілігін немесе кінәлі еместігін сот қана айқындай алады.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айында Агенттік бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов пен оның орынбасары О.Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Біртанов пен Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің Ақпараттандырудың жұмыс ІСТЕМЕЙТІН платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде.

Платформа денсаулық сақтау жүйесіндегі мәселелерді жедел шешу үшін науқастар, дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар туралы барлық ақпаратты біріктіруі тиіс еді.

Платформа ЕШҚАШАН жұмыс істемеген және оны медициналық мекемелер пайдаланбайды, бұл жиналған дәлелдермен расталады.

Орындалмаған жұмыстардың құны 4,1 млн. АҚШ долларын немесе 1,5 млрд. теңгені құрайды.

Сонымен бірге, Біртанов санитарлық авиацияның әуе кемесін 2020 жылдың маусым айында жеке мақсатта пайдалану кезінде өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде.

7 шілдеде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы жарияланды.

Осы уақытқа дейін Біртанов тарапы қылмыстық іс материалдарымен танысып келеді.

Соттың үй қамақта болу мерзімі ағымдағы жылдың 14 қарашасына дейін ұзартылды.

Танысу нәтижелері бойынша прокурор айыпталушыларды сотқа беру туралы мәселені қарастырмақ.


ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram