Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда алкогольдің заңсыз айналымы саласында 16 қылмысты анықтады

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда алкогольдің заңсыз айналымы саласында 16 қылмысты анықтады

Заңсыз айналымға түсетін суррогат алкоголь өнімдерінің негізгі бөлігі астыртын цехтарда, көбінесе антисанитариялық жағдайларда жасалады.

Қаржылық мониторинг агенттігі ел экономикасына, сондай-ақ халықтың денсаулығы мен өміріне елеулі залал келтіретін алкоголь өнімінің заңсыз айналымының кез келген деректерінің жолын кеседі.

Алматы қаласы бойынша ҚМА аумақтық департаменті жалған есепке алу-бақылау таңбалары бар спирттік ішімдіктерді дайындап,  кейін Алматы қаласының сауда орындарында сатқаны үшін 1998 жылы туған Алматы қаласының тұрғыны Б.Камалды қылмыстық жауапкершілікке тартты.

Барлығы 2021 жылдың басынан бері Алматы қаласы бойынша ҚМА аумақтық департаменті спирт және алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы саласында 16 қылмысты анықтап, суррогат алкоголь өнімдерін дайындайтын 8 астыртын цех қызметінің жолын кесті.

Заңсыз айналымнан барлығы 91 мың данадан астам жалған акциздік таңбалар, «Jack Daniel’s», «Jameson», «Казахстан», «Воздух», «Зерно», «Бульбаш», «Хортица» «Царская», «Финляндия» және т. б. алкоголь өнімінің танымал маркаларының 110 мыңнан астам бөтелкесі тәркіленді.

Егер Сізге осындай деректер белгілі болған жағдайда, ҚМА сенім телефоны +7 7172 70-84-78 арқылы немесе тұрғылықты жеріңіздегі аумақтық департаменттерге хабарлауыңызды сұраймыз.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram