Қаржылық мониторинг агенттігі балалар үйінен 25,9 миллион теңгені жымқыру дерегін анықтады

Қаржылық мониторинг агенттігі балалар үйінен 25,9 миллион теңгені жымқыру дерегін анықтады

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың барлық құқықтарын қорғау және қаржылық қамтамасыз ету әрқашан Қаржылық мониторинг агенттігінің басты назарында.

Қазіргі уақытта «Qamqor» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Агенттік елордалық балалар үйлерінің бірінде жетім балаларға азық-түлік сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тергеу осы мекеменің директоры мен бас бухгалтері сатып алу ережелерімен қарастырылған процедураларды өткізбей, басқаруындағы үлестес кәсіпорынмен азық-түлік жеткізуге шарттар жасағандығын анықтады. Бұл ретте, компанияның нақты иесі бас бухгалтердің бұрынғы жұбайы болып табылады.

2019-2020 жылдар кезеңінде жасалған шарттар бойынша лауазымды тұлғалар аталған компания арқылы бөлінген 130 млн.теңге бюджет қаражатынан жетім балаларға азық-түлік сатып алуға бөлінген
25,9 миллион теңгені жымқырған.

Тергеу жалғасуда.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram