ҚМА-да ЕАТ Өзара бағалауының екінші раундына дайындық бойынша кеңес өтті

ҚМА-да ЕАТ Өзара бағалауының екінші раундына дайындық бойынша кеңес өтті

2021 жылғы 22 шілдеде бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Ермек Оспановтың төрағалығымен кеңес өтті.

Кеңеске Агенттіктің аумақтық департаменттерінің және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Ермек Оспанов қатысушылардың назарын Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың Өзара бағалауының екінші раундына дайындық бойынша жұмысқа басымдық беру қажеттігіне аударды.

Өзара бағалау Қазақстанның кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесінің Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының ұсынымдарына сәйкестігін айқындау үшін жүргізіледі.

 

ҚМА Стратегиялық талдау және тәуекелдерді бағалау басқармасының басшысы Ахметкерей Балкенже сәтті Өзара бағалаудан өтуге Экономикалық тергеу қызметінің қаржылық мониторинг субъектілерімен кері байланысты, ақшаны жылыстатумен байланысты істерді тергеуді, КЖ/ТҚҚ саласындағы халықаралық және ұлттық ынтымақтастыты дамытуды, активтерді іздеу және қайтаруды және т.б. қамтамасыз ету септігін тигізетінін атап өтті.

Кеңес қатысушылары  одан әрі тығыз өзара әрекеттесу, тиімділік және техникалық сәйкестік сұрақнамалары шеңберінде қажетті ақпарат пен статистикалық деректерді ұсыну туралы келісімге қол жеткізді.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram