Ақмола облысында 450 млн. астам теңгеге залал келтірген қаржы пирамидасы анықталды

Ақмола облысында 450 млн. астам теңгеге залал келтірген қаржы пирамидасы анықталды

Соңғы уақытта елімізде қаржылық пирамида қызметіне азаматтарды тарту жағдайлары көбейіп кетті.

Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 150-бабымен және ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабымен қаржы пирамидаларын жарнамалау және олардың қызметін жүзеге асыру үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Ақмола облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті «LV Force» қаржы пирамидасының заңсыз қызметінің жолын кесті.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Шымкент, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында «LV Force» қаржы пирамидасының бөлімшелері жойылды.

Қаржы пирамидасына 2000-нан астам сеніп қалған азамат тартылған. Келтірілген шығын 450 млн. теңгеден асты.

Қазіргі уақытта алаяқтық схеманың басты ұйымдастырушысы 2 айға қамауға алынды.


ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram