ҚМА ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелері басшыларының кеңесінің отырысына қатысты

ҚМА ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелері басшыларының кеңесінің отырысына қатысты

2021 жылғы 19 шілдеде бейнеконференцбайланыс режимінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелері басшыларының кеңесінің (бұдан әрі – ҚБББК) 17-ші пленарлық отырысы өтті.

Отырысқа ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелерінің бірінші басшылары, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитеті мен Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері қатысты.

Отырысқа қатысушылар ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері туралы ақпарат алмасуға және ескертуге мүмкіндік беретін Тәуекелдерді бағалаудың халықаралық орталығын құру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, ҚБББК 16-шы отырысының орындалған шешімдерінің қорытындылары тыңдалды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов «қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыратын» компанияларды анықтау бойынша жүргізіліп жатқан талдау жұмысына баса назар аударды.

«Қаржылық барлау мәліметтері тәуекелді операциялар бойынша жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Осылайша, талдау жолымен 77 «қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыратын» топ анықталып, қызметі тоқтатылды», - деп Жанат Элиманов атап өтті.

Қорытындылай келе, тараптар ағымдағы жылдың қазан айында Сочи қаласында (РФ) өтетін Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық олимпиадаға дайындықты талқылады.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram