Ақтөбеде букмекерлік кеңсе түріндегі заңсыз электронды казино қызмет еткен

Ақтөбеде букмекерлік кеңсе түріндегі заңсыз электронды казино қызмет еткен

Бүгінгі таңда құмар ойындар психологиялық тәуелділіктің ең қауіпті түрлерінің біріне айналды. Мұны әлемдік статистика дәлелдейді – әлемде 240 млн. астам адам құмар ойындарға тәуелді.

Цифрландыру жағдайында ойын бизнесінің жаңа түрлері – интернет-бәс тігу және электрондық казинолар арқылы ойынға құмар болу сезімі күшейе түседі.

Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері 2014 жылдан бастап Ақтөбе қаласының аумағында құқыққа қарсы қызметті жүзеге асырған ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

ҰҚТ мүшелері заңсыз баю мақсатында Ақтөбе қаласында заңсыз электрондық казино қызметін ұйымдастырған.

Бұл ретте, ойын бизнесі саласындағы заңсыз қызмет «Stavkabet.kz» букмекерлік кеңселер желісі түрінде жасырынған.

Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен қылмыстық топтың 5 қатысушысы – 2 жылға, қалған 5 тұлға 6 жылға сотталды.

Мемлекет кірісіне 3,5 млн. астам теңге және заңсыз казино ұйымдастыруға арналған 400-ден астам ойын терминалдары мен түрлі құрылғылар айналдырылды.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram