2021 жылғы 11 маусымда ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасы бойынша Агенттік департаментінің басшысы Ғабит Лесбеков Республикалық адвокаттар алқасы төрағасының міндетін атқарушы Әсел Тоқаева және ҚР Әділет министрлігі департаментінің басшысы Алан Тіленчиевпен кездесті.
Кездесудің негізгі мақсаты – Қазақстанның 2022 жылы Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) Өзара бағалауының екінші раундына дайындық қарсаңында өзара іс-қимылдың жаңа механизмдерін әзірлеу.
Агенттік қаржылық емес сектор – адвокаттар мен заң мәселелері жөніндегі басқа да тәуелсіз мамандар үшін Ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды әзірлеуде.
Талаптарды әзірлеу кезінде ұлттық заңнамада Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жөніндегі қаржылық шараларды әзірлеу тобының ұсынымдарын қолдану бойынша Өзара бағалаудан табысты өткен ЕАТ-қа қатысушы елдердің тәжірибесіне талдау жүргізілді.
Бұл талаптар адвокаттар мен заң мамандарына клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысу кезінде кірістерді жылыстату тәуекелдерін анықтау үшін қажет. Атап айтқанда:
Осылайша, Тараптар кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін барынша азайту үшін одан әрі бірлескен шаралар мен ақпарат алмасу туралы келісімге қол жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Агенттік Қазақстанның өзара бағалауына дайындық бойынша жоспарланған іс-шаралар топтамасы шеңберінде мемлекеттік органдар-реттеушілер өкілдерімен қаржы мониторингі субъектілерімен өзара іс-қимыл бойынша кездесу ұйымдастырған болатын.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі