Қарағандының үш жерінде жалған ойын терминалдары анықталды

Қарағандының үш жерінде жалған ойын терминалдары анықталды

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қарағанды қ. заңсыз ойын бизнесі ұйымдастырылған үш орынның қызметін тоқтатты.

Заңсыз айналымнан 6 ойын терминалы тәркіленіп алынды, ұйымдастырушылар оларды Ұлттық лотерея операторының терминалдары түрінде тыйым салынған ақылы құмар ойындарын ұйымдастыру үшін қолданған.Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша тергеу жүргізілуде.

Ұлттық оператор ел аумағында өзінің терминалдары арқылы ұтыс ойынын өткізу құқығына ие екендігін еске саламыз. Олар сарғыш-көк түсті. Міндетті түрде логотип, нөмір және QR-код болуы керек.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram