ҚР ҚМА заңсыз ойын бизнесімен күресті жалғастыруда

ҚР ҚМА заңсыз ойын бизнесімен күресті жалғастыруда

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы лудоманияны немесе құмар ойындарға тәуелділікті ресми түрде патологиялық тәуелділік деп таныды.

Құмар ойындарға тәуелділік біздің республикамызда да таралған.

Мысалы, Қазақстандағы құмар ойыншылардың саны 350 мыңға жуық. Және осы санмен шектелмейді. Олардың көпшілігі жасөспірімдер.

Мемлекет тұрақты түрде заңсыз ойын бизнесімен күрес жүргізіп, сол арқылы халықты құмар ойынға тәуелділіктің зиянды әсерінен қорғап келеді.

Осылайша, ойынға тәуелділіктің және заңсыз ойын бизнесінің даму себептерімен күрес аясында Қазақстанда 2021 жылдың
1 тоқсанында қаржылық бақылау органдары 49 қылмыстық іс қозғады.

63 заңсыз ойын мекемесі жабылды. Заңсыз айналымнан 300-ден астам ойын автоматтары, терминалдар, покер үстелдері, компьютерлер секілді құрылғылар тәркіленіп алынды.

Сондай-ақ, барлық терминалдар заңға қайшы қызмет етпейді. Ұлттық оператор ел аумағында өзінің терминалдары арқылы ұтыс ойынын өткізу құқығына ие. Олар сарғыш-көк түсті. Міндетті түрде логотип, нөмір және QR-код болуы керек.

Заңсыз ойын бизнесімен күресуде Агенттікке заңсыз тұрған ойын автоматтары туралы ақпарат жолдайтын елдің белсенді азаматтары да маңызды рөл атқарады.

Осыған байланысты, Қаржылық мониторинг агенттігі басқа да азаматтарды көмек беруге шақырады.

«Әрбір азаматты әлеуметтік жауапкершілік танытып, осындай фактілер жайлы хабарлауға шақырамын. Әрқайсысымыз  балаларымызды құмар ойындарға тәуелділіктің зиянды әсерінен қорғай аламыз», - деп Агенттік төрағасы Жанат Элиманов атап өтті.

Егер сіз тұратын немесе мекендейтін жерде ойын аппараты орналастырылса, ол туралы Агенттікке хабарлай аласыз.

Ол үшін Агенттіктің ресми аккаунттеріне жеке хабарламада фото және мекенжайды жолдасаңыз немесе +7 (7172) 70-84-78 сенім телефондарына хабарлассаңыз жеткілікті:

Facebook - https://www.facebook.com/afm.rk/

Instagram - https://www.instagram.com/afm_rk/

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

 

Facebook | Instagram | Telegram