Қостанай қаласының кафесінде астыртын казино анықталды

Қостанай қаласының кафесінде астыртын казино анықталды

Құмар ойындарға тәуелділік психиканың түрлі бұзылуларын және қылмыстарға әкелуі мүмкін. Бұл тәуелділікке барлық жастағы азаматтар бейім.

Азаматтар арасында құмар ойынға тәуелділіктің пайда болу себептерімен күресу мақсатында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ойын бизнесінің заңсыз түрлерін анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел-іздестіру шаралары барысында Қостанай қ. аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

Астыртын казиноның қала жертөлелерінің бірінде қызмет еткені анықталды.

Тергеу мүдделеріне сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram