Жамбыл облысындағы ауыл әкімі 10 млн.астам теңгені жымқырғаны үшін сотталды

Жамбыл облысындағы ауыл әкімі 10 млн.астам теңгені жымқырғаны үшін сотталды

Бюджет қаражатын жымқыру – елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Тәуекелдерге ең көп ұшырайтын бюджеттік қаражаттың ірі сомалары шоғырланған мемлекеттік сатып алу саласы болып табылады.

Адал емес мердігерлер тапсырыс берушілердің - мемлекеттік мекемелер басшыларының жол беруімен, ал кейбір жағдайларда олармен келісе отырып, әртүрлі жолдармен «қазынаны тонайды». Көбінесе, бұл пайда табу мақсатында жұмыс құнын жоғарылату және жалған актілерге қол қою арқылы іске асырылады.

Осындай деректердің бірін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті анықтады.

Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округінің әкімі «Сәулет 2012» ЖШС мердігер ұйымының басшысымен келісе отырып, Сарыкемер ауылының көшелерін жарықтандыруды жөндеуге арналған 10 млн. астам теңгені жымқырған.

Бұл ретте, тараптар күмәнді мәліметтері бар объектіні қабылдау-тапсырудың жалған актілеріне қол қойды, бірақ іс жүзінде жұмыс орындалмады.

Кінәлі тұлғалар сотталды.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі