2021 жылғы 15 сәуірде Сәлімбай Шүнеевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы онлайн режимде өтті.
Отырысқа кеңес мүшелерімен қатар, БАҚ өкілдері қатысты.
Кеңестің төрағасы Сәлімбай Шүнеев атап өткендей, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қоғамдық кеңесі консультативтік-кеңесші, қадағалаушы орган болып табылады және азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және шешімдер қабылдау кезінде қоғамдық пікірді ескеру, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды жетілдіру және орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін құрылған.
Отырыста Кеңес мүшелері «Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы" ҚР Үкіметінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын талқылап, бекітуге ұсынды.
Сонымен бірге, Агенттік төрағасы бұйрықтарының келесі жобалары бекітуге ұсынылған:
- «ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеп-тексеру қызметінде қызметтік тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы" ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы».
- «Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қызмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажетті ақпаратты алу қағидалары мен негіздерін бекіту туралы» ҚР Бас Прокурорының және ҚР Қаржы министрінің бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы».
- «Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлға өзінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін қаражат төлеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы».
- «Құқық қорғау органдардың құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен жария емес тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру қызметін жүргізу үшін, сондай-ақ өздеріне жүктелген өзге де шешу үшін қажетті ақпаратты алу қағидалары мен негіздерін бекіту туралы» ҚР Бас Прокурорының, ҚР Ішкі істер министрінің, ҚР Қаржы министрінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы».
- «Қаржылық мониторинг субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің бұйрығына өзгеріс енгізу туралы».
Қорыта келе, Кеңестің ұйымдастырушылық қызметі бойынша бірқатар ұсынымдар енгізілді және Агенттікпен қалыптасқан өзара іс-қимыл алгоритмі келісілді.