«Ақ жол» партиясы ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің қоғамдық кеңесімен күш біріктіреді

«Ақ жол» партиясы ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің қоғамдық кеңесімен күш біріктіреді

Бүгін «Ақ жол» партиясының көшбасшысы Азат Перуашев Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы Сәлімбай Шунеевпен кездесті.

Кездесу аясында Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің қоғамдық кеңесі мен саяси партияның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша өзара іс-қимылының перспективалары, сондай-ақ қоғамдық бақылауды күшейту және сараптамалық қоғамдастықты тарту есебінен қызметтің тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

«Қаржы мониторингі агенттігі жанындағы жалпы кеңестің төрағасы С.Шунеевті қабылдадым. ҚМА-ның құрылуы Президент офшортсыздандыруға мән беретін маңыздылықты көрсетті. Мен С.Шунеевті маман және беделді адам ретінде бұрыннан білемін. Біз күш-жігерді үйлестіруге келістік», - деп атап өтті Азат Перуашев өзінің Twitter желісіндегі парақшасында.

Кездесу қорытындысы бойынша қоғам мен билік арасында диалог құру үшін бірлескен күш-жігерді үйлестіру бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің қоғамдық кеңесі 2021 жылғы 1 сәуірде құрылды және азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру әрі шешімдер қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші, бақылау орган болып табылады.