Халықаралық тәжірибе негізіндегі параллель қаржылық тергеулер мен меншікті іздестіруді ұйымдастыру мәселелері бойынша үш күндік семинар

Халықаралық тәжірибе негізіндегі параллель қаржылық тергеулер мен меншікті іздестіруді ұйымдастыру мәселелері бойынша үш күндік семинар

 

2021 жылдың 5-7 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері қаржылық тергеу, ақшаны жылыстатуға және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық сарапшы Игорис Кржечковскисдің қатысуымен өткен  «Параллель қаржылық тергеулер мен меншікті іздестіруді ұйымдастыру: халықаралық тәжірибе және озық тәжірибелер» атты оқыту семинарына қатысты.

Іс-шараға сонымен бірге Қазақстанның мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Семинар барысында қатысушыларға халықаралық тәжірибе мен озық тәжірибеге сүйене отырып, қаржылық тергеулер мен меншікті іздестіруді қатар ұйымдастырудың практикалық ерекшеліктері таныстырылды.

Сонымен қатар, іс-шара өзара бағалау шеңберінде ЖД2, ЖД6, ЖД7, ЖД8 талаптарына сәйкестік деңгейін арттыруға бағытталды.