Құрметті жеке кәсіпкерлік субъектілері!

Құрметті жеке кәсіпкерлік субъектілері!

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Жеке кәсіпкерлік субъектілері арасынан Сараптамалық кеңестің құрамына кандидатураларды іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:

1) Үлгілік қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркелуін (қайта тіркелуін) растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

3) Бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілген бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімі.

Құжаттарды беру мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы             30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидаларына, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне» сәйкес осы хабарлама жарияланған күнінен бастап он жұмыс күнінің ішінде беру қажет.

Құжаттарды мына мекенжайға тапсыру қажет: индекс 010000, Нұр-сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 10, 323-кабинет, Заң департаменті, көшірмелерін a.temirkhanov@minfin.gov.kz электрондық мекенжайына жіберу керек.